ҚЫСҚАША КАТЕХИЗИС

БАСТЫ ДІН АҚИҚАТТАРЫ
1. Бір Құдай бар.
2. Құдай – әділ: жақсылық үшін марапаттайды, жамандық үшін жазалайды.
3. Құдай үш өңде бірыңғай: Құдай Әке, Құдай Ұл, Құдай Киелі Рух.
4. Құдай Ұлы адам түрінде келді және бізді құтқару үшін айқышта өлді.
5. Адамның жаны өлмес.
6. Құтқару үшін Құдайдың шапағаты қажет.

МАХАББАТ ӨСИЕТТЕРІ
Сенім ғана адамды құтқармайды: «игі іс-әрекетсіз сенім пайдасыз» (Жақ 2:20). Сол үшін Інжілді күн-сайынғы өмірге енгізу қажет.
Иса Мәсіх, Құдай Ұлы, Өз туралы айтты: «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін» (Жох 14:6). Дәл Иса біздің басты Ұстазымыз, Священнигі және Шіркеуші. Ол Өз орнатылған Шіркеуінде тұруды жалғастырады да әсер етеді, Ол – «Шіркеунің дененің басшысы», ал біз – мүшелеріміз.
Фарисейлердің қай өсиет ең басты сұрағына Иса осылай жауап береді: «барлық өсиеттердің ең бастысы – Құдайды және жақынды сүю өсиеті».

1. Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй.
2. Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй.

ҚҰДАЙДЫҢ ОН ӨСИЕТ
Екі негізгі махаббат өсиет кеңейтілген түрде Декалогта көрсеткен (Он өсиет).
1. Мен сенің Тәңіріңмін, Құдайыңмын: менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын.
2. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма.
3. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол.
4. Ата-анаңды сыйла.
5. Өлтірме.
6. Ойнас жасама.
7. Ұрлық жасама.
8. Ешкімді бекерге айыптама.
9. Жақынның әйеліне сұқтанба.
10. Жақынның мүлегіне сұқтанба.

ІНЖІЛ ШАТТЫҚТАРЫ
Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Аспан Патшалығы сондайларға арналған!
Жылап жатқандар бақытты, өйткені олар жұбатылады!
Момын жандар бақытты, өйткені олар жерді мұра етеді!
Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты, өйткені олар қанағат табатын болады!
Мейірімділер бақытты, өйткені оларға рақым етіледі!
Жүректері пәк тазалар бақытты, өйткені олар Құдайды көретін болады!
Татуластырушылар бақытты, өйткені олар Құдайдың балалары деп аталады!
Әділдік үшін қудаланғандар бақытты, өйткені Аспан Патшалығы сондайларға арналған!
Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар, өйткені көктегі марапатыңыз зор! (Мт 5,3-12)

ДЕНЕ ҮШІН ИГІ ІСТЕРІ
1. Ашыққан адамды тамақтандыру.
2. Шөлдегендердің сусынын қандыру.
3. Жалаңаш адамды киіндіру.
4. Жолаушыларды үйге қабылдау.
5. Тұтқындарға кіріп шығу.
6. Науқастың халын біліп шығу.
7. Марқұмды көму.

ЖАН ҮШІН ИГІ ІСТЕРІ
1. Күнәкарды жалған жолынан салу.
2. Бейхабар болғаны үйрету.
3. Күмәншіл адамға кеңес беру.
4. Азалы жанды жұбату.
5. Зәбір шеккенде сабырлы болу.
6. Қорлауды шын жүректен кешіру.
7. Тірілер мен өлілер үшін дұға ету.

НЕГІЗГІ ИГІ ІСТЕР
1. Дұға.
2. Пост.
3. Қайыр беру.

ЖЕТІ ШІРКЕУ ҚҰПИЯШЫЛДЫҚ
1. Шоқынуы.
2. Нығайтуы.
3. Еухаристия.
4. Өкінуі.
5. Науқасқа зәйтүн майын жағуы.
6. Дін қызметшілігі.
7. Неке.

ҮШ ҚҰДАЙ ИГІ ІСТЕР
1. Сенім.
2. Үміт.
3. Махаббат.

ТӨРТ НЕГІЗГІ ИГІ ІСТЕР
1. Ақылдылық.
2. Әділдік.
3. Тартынуы.
4. Батылдық.

КИЕЛІ РУХЫНЫҢ СЫЙЛАРЫ

1. Даналық.
2. Ақыл.
3. Кеңес.
4. Беріктік.
5. Жүргізуы.
6. Тақуалық.
7. Қастерлі қорғаныш.

ЖЕТІ НЕГІЗГІ КҮНӘ

1. Көкірекшіл.
2. Бақылдық.
3. Ойнас.
4. Бақкүндестік.
5. Қомағайлық.
6. Ашу.
7. Жалқаулық.

АДАМГЕРШІЛІК ИГІ ІСТЕР, ЖЕТІ НЕГІЗГІ КҮНӘҒА ҚАРАМА-ҚАРСЫ.

1. Бойсұну.
2. Жер игіліктерден безу.
3. Пәктік.
4. Рақымдылық.
5. Ұстамдылық.
6. Сабыр.
7. Бейнетқорлық.

КИЕЛІ РУХҚА ҚАРСЫ КҮНӘЛАР

Құдайдың шапағатына әрдайым қарсыласуы және ауыр күнәларды жасауы адамдың инабаты сезімсіз болуына жеткізеді және күнә сезімнің жоқ болуына әкеледі. Сондай әрекеттер Киелі Рухқа қарсы қылықтар әлде күнәлар болып аталады (Матай 12:31).

1. Күнә жасап, Құдайдың рақымдылығына әдепсіз сенеу.
2. Құдайдың рақымдылығынан торығу әлде күмәндану.
3. Білген христиан ақиқатына қарсыласу.
4. Жақынға берген Құдайдың шапағатына сұқтану.
5. Өкінішті өлім кейінге қалдыру.

ЖАҚЫНҒА ҚАРСЫ КҮНӘЛАР

1. Күнә жасауға иландыру.
2. Күнә жасауға бұйыру.
3. Күнә жасауға ерік беру.
4. Күнә жасауға түрткі болу.
5. Біреудің күнәні мақтау.
6. Біреудің күнәге енжарлану.
7. Күнәға қарсы тұру.
8. Күнә жасауға көмектесу.
9. Біреудің күнәсін ақтау.

АСПАН ЖАЗАҒА ЖАТАТЫН КҮНӘЛАР

1. Саналы және залым кісі өлтірушілік.
2. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы күнә (гомосексуализм).
3. Кедейлерді, жесір әйелдерді және жетімдерді азарлау.
4. Орындалған енбеқ үшін төлемнен айыру.

ЖАҚСЫ ӨКІНУІНІҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ

1. Ар сынау.
2. Күнәге шын өкіну.
3. Дұрысталуға берік ниет.
4. Шын өкінуі.
5. Құдай мен жақындарды қанағаттандыру.

ӘР АДАМДЫ ТОСЫЛАТЫН СОҢҒЫ ІСТЕР

1. Өлім.
2. Құдайдың әділ соты.
3. Мәңгілік аспан немесе мәңгілік тозақ.

ШІРКЕУ ӨСИЕТТЕРІ

1. Миссаға қатыс және жексенбі күні мен басқа мейрам күндерде еңбегінен бос бол.
2. Ең аз дегенде жылда бір рет өкінуіге бар.
3. Ең аз дегенде, жылда бір рет, Пасха кезеңде, Еухаристия құпияшылдықты қабылда.
4. Шіркеумен белгіленген ет тамақтан тартыну және пост мезгілдерді сақта.
5. Шіркеудің қажеттіліктерде демеп жүр.

Related posts

Leave a Comment