Құдайдың ңұры жаусын!

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

25 желтоқсанда Католиктік Шіркеу өзінің басты мерекелерінің бірі — Рождество Христово мейрамын тойлайды. Осы күні Құдай адамға сәби түрінде келіп, өзінің ең үлкен сыйлығын – Өзін сыйлайды. Бұл жарқын мейрамның мәні осында.
Бұл тамаша нәрестенің келуі періштелермен жарияланған және ұлы ғажайып белгісімен көрсетілген. Сол себепті, осындай керемет уақытта баршамыз жақсы жаналық әкелетін, жарқын болашаққа деген және бар жақсылықтың жамандықты жоятынына үміт беретін қонақтар мен ғажайыптарды асыға күтудеміз.
Осы Күні біз күнәні жеңген патшамыздың келгенін ерекше атап өтеміз. Әзірше біз Құдай Патшалығының салтанатын толықтай көріп жатқан жоқпыз. Әлемнің әр шетінен қорқыныш жаналықтар, ауруға, зорлық-зомбылыққа душар болған адамдардың киналып жатқандары естіледі. Бірақ, оған қарамастан, Шығыстың Жұлдызы қайтадан жарқырап, бізге жамандықты қару күшімен емес, махаббаты және кішіпейілділігімен жеңгенге жолды көрсетеді.
Біз өзіміздің жарылқаушыларымыздың махаббаттары мен қамқорлықтары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз және Сіздер үшін Құдайға сыйынып, Сіздердің әр қадамдарыңызға жар болуды сұрауға уәде етеміз. Сіздерді Рожество мерекесімен құттықтаймыз. Құдай Сіздердің үйлеріңізде, жүректеріңізде орнын тауып, бір бірлеріңізге жақын қылғай.

Құдайдың ңұры жаусын! 

О. Дариуш Бурас

Атырау Апостол Әкiмшiлiгiнің Әкімшісі

Related posts

Leave a Comment